ТАЛҒАТ ЖОРАБАЕВТЫҢ БАЛ АЙЫНА БАРУҒА АҚШАСЫ ЖЕТПЕЙ ЖҮР

Бөлісу:

Жақында махаббат пен сұлулықтың қаласы Парижге барып бейнебаян түсіріп келген Талғат Жорабаев жұмысын орта жолдан тоқтатты. Яғни клиптің Алматыда түсірілетін бөлігі аяқсыз қалды. Себебі тамыз айында Жорабаевтар әулетінде дүбірлі той болмақ. Бұл қуанышқа әншінің дайындығы қыза түсіпті.

Нақтырақ айтсақ, Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат жуырда шаңырақ көтерді. Әрине, сүйіктісінің есімін құпия ұстады бұл жігіт. Есесіне, мамандығы бухгалтер –эконамист екенін жасырмады.

Айтпақшы, Талғат таңдаған ару Қарағандының тумасы. Ал, Тәкеңнің жездесі Сәбит пен әпкесі Алтынай енді арғындармен құда болды. Сонымен қатар,  Талғат сүйіктісін 7-маусым күні ұзатып алды. Қазіргі таңда олар шырайлы Шымқалада демалуда.

Ал, «балайын қайда өткізесіздер?» деген сауалға: «Әзірге білмеймін. Бір ағаларымыз үйленсең балайын өткізу үшін, шетелге жолдама береміз деген. Көрерміз» деп қысқа қайырды.

Сырт көзден қызғанатын сүйіктісін әншіге бізге де көрсетпеді. Әйткенмен, күзде өтетін тойға шақыруға уәде етті.  Әнші жасырғанмен, әлеуметтік желі арқылы Талғаттың жарын көруге мүмкіндік алдық.

927698_661546617259110_256890810_n

Суреттер Талғат Жорабаевтың инстаграм парақшасынан алынды

Бөлісу:

4 comments

Пікір немесе жауап жазу

4 + 14 =