Мәдина Сәдуақасова ұлды болды

Бөлісу:

 Сүйінші!!! Қазақстандық әнші, тележүргізуші Мәдина Сәдуақасова ұлды болды! Бұл туралы Мәдинаның құрбысы, әнші Қарақат Әбілдина хабарлады. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасына: «Сүйінші, достар! Мәдинамыз аман-есен болып, дүниеге ұл әкелді! Құттықтаймыз!» деп жазған. 

Естеріңізге сала кетейік, халықтың сүйкімді де ерке қызы Мәдина Сәдуақасова биыл 2 ақпан күні сүйіктісі Олжас Смағұловпен тұрмыс құрды. Жас-жұбайлардың тойы Esperenza ресторанында өтті. Мәдина жары Олжаспен осыдан 4 жыл бұрын танысып, тек 2013 жылдан бері ғана кездесе бастаған. Ал күйеу жігіт Олжас Мәдинаға тұрмысқа шығуға ұсынысты оның туған күні 8 қыркүйекте тәтті торттың ішіне сақина салып айтқан екен.

Біз де өз тарапымыздан Мәдинаны құттықтап, кішкентайының бауы берік болсын демекпіз. Безымянный

Бөлісу:

2 comments

  1. Дүйсенбек Аяшұлы. 17 Ақпан, 2017 at 08:49 Жауап

    Бірі ұл, бірі қыз тапқан аяулы қарындастарым Мəдина мен Сивиді, олардың осы қуаныштарымен құттықтаймын.
    Өздерің секілді, аталары Махмут аға секілді халыққа сыйлы, сұлу ғұмыр кешсін деп тілеймін.

Пікір немесе жауап жазу

он үш − 5 =