Асxат Тарғыновпен төбелескен асаба жанжалдың неден шыққанын айтып берді

Бөлісу:

Қазақстандық белгілі әнші Асхат Тарғынов той үстінде төбелес шығарды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Youtube желісінде жарияланған видеода асаба мен қазақстандық әнші Асхат Тарғын арасында болған төбелестің видеосы жарияланған. Видеоны Желіге жүктеген Рауан Әбілғазин есімді қолданушы: «Чип-Чип әнін орындаушы Асхат Тарғынов тойдың үстінде төбелес шығарды. Ол әнші Айбек Қоңырбаевты соққы астына алды» – деп жазған видеоның астында. Әзірге видеоны көп адам қарап үлгермеген.

Осы оқиғаның басты кейіпкерінің бірі асаба әрі әнші Айбек Қоңырбаевтың айтуынша бұл оқиға 21 қыркүйекте Алматы қаласының бір мейрамханасында үйлену тойы кезінде болған және ешқандай да қолдан жасалған дүние емес. «Бекітілген бағдарлама бар, менің басқаруыма қарап отырған той иелері бар. Асхат Тарғын өзі кешігіп келіп, менің ән айтуым керек деп бас салды. Менің намысыма тигеннен соң, мен оны кеудесінен итеріп жібердім. Әрі қарай тойды жүргізейін деп жалғастырып жатқанымда, ол келіп мені құлатып салды. Сыртқа шығып тағы сөйлестік. Біреудің тойын әдейі бүлдірейін деген ойым жоқ», – дейді Айбек. Қазіргі уақытта қарым-қатынастарыңыз қандай деген сұраққа ол «сол күннен кейін хабарласқан жоқпыз» деп жауап берді.


Бөлісу:

2 comments

  1. Қолқоюсыз 28 Сәуір, 2017 at 10:48 Жауап

    Мынау асхат дегендi әншi деп есептемеймiн бұл жүрген бiр ауылдың бандиты ғой ит жоқта шошқа үрeдi демекшi ауызы жыбырлағанның бәрi әншi болып кеттi өзiнше жұлдыз болып жүр ғой ендi жолықпайақ қойайық

Пікір немесе жауап жазу

он сегіз − бес =