Кәмшат Жолдыбаева жаңа бейнебаянында шешініп тастады (видео)

Бөлісу:

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарына тосынсый жасады. Ол ел көптен күткен бейнебаянның тұсауын кесті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Кәмшаттың айтуынша, “Падиша” әні тарихта қалған ұлы әйелдер туралы әңгімелейді. Клиптің идеясы әншінің продюсері Баян Есентаеваға тиесілі.

Су жаңа бейнебаянда Кәмшат әртүрлі образдарға еніп, әйел затының табиғатын көрсетуге тырысады. Өнер үшін аянып қалмайтын Кәмшат жаңа клипте суға да түседі, отқа да “күйеді”. Ал соңына қарай, тіпті, шешініп тастайды.

Бейнебаянда авангардтық өнердің бір түрі “боди-арт” қолданылады.

Тыңдармандардың Кәмшаттың шығармашылығына деген қызығушылығы ерекше жоғары. “Падиша” клипін небәрі бір сағатта 10 мыңға жуық жан тамашалапты.

Көпшілік елімізде бұрын-соңды мұндай бейнебаянның түсірілмегенін айтып жатыр. Десе де әннің сөзі мен мағынасына сын таққандар көп.

Айта кетейік, “Падиша” – Кәмшаттың жеке әнші ретіндегі төртінші бейнебаяны.

Бөлісу:

25 comments

  1. Алмас 27 Сәуір, 2017 at 13:35 Жауап

    Керемет маған унады заманымызға сай клип
    Кəмшат Жолдыбаева сізді қатты унатамын❤

  2. Анон 27 Сәуір, 2017 at 15:00 Жауап

    Дым кызық емес мәні мағынасы жоқ камшат қа айтар ешқандай пікірім жоқ ол өзіне сай клип таңдамапты

    • ҚАЛАУЛЫМ 23 Тамыз, 2017 at 15:46 Жауап

      Мына Анон деген кім. Ешқандай пікірін жоқ дейт ,пікір жазып жатқанына өлейін ба?Қызықпа өзі.түсінбеймше осындай дурактарды.ұнамаса ұнамасын.кетші əрі.

  3. Анонимус 27 Сәуір, 2017 at 15:51 Жауап

    енді айтарға жаңалық таппаған соң шешініп тастады үйтті бүйтті деп жазады да
    амал жоқ қазақ журналистикасының қазіргі күйі осындай((
    шынына келсек бір көруге болатын клип екен бірақ шешінген түгі де жоқ

  4. Анонс 27 Сәуір, 2017 at 17:08 Жауап

    ФУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУУ

  5. Ару 27 Сәуір, 2017 at 18:57 Жауап

    Аты керемет екен, затына сөзіне мән беру керек және тәрбиелік мәні жоқ. Маған мүлдем ұнамады.

  6. Қайыржан Байтемирович 28 Сәуір, 2017 at 12:14 Жауап

    Көре алмағандар айта береді қайдағы жайдағыны! Шешініп тастаған ештемесі жоқ! Бірінші өздерің осы Кәмшәт сияқты ән айтып алыңдар! Қолдарыңнан келмей ме, тыныш отырыңдар біреуді өсектемей! Кәмшәт құрдасым, ЖАРАЙСЫҢ! БИІКТЕЙ БЕР! ӨРКЕНІҢ ӨССІН!

  7. Айсұлу 28 Сәуір, 2017 at 19:49 Жауап

    Шешинген ештемесі жоқ. Заманға сай клип. Осындай əсерлі клиптер бізде аз. КӘМШАТ ЖАРАЙСЫҢ. ҰНАДЫ. БІРАҚ ОБРАЗДАР АЗ МЕНІҢ ОЙЫМША.

  8. Қолқоюсыз 29 Сәуір, 2017 at 23:41 Жауап

    өнерде сұлулықтың мәнін басқаша жасауға болар еді, жастарға ұнайтын шығар .пах падишах шіркін десеңші түсіну күрделі екен

  9. Гулмира 30 Сәуір, 2017 at 07:19 Жауап

    Камшат керемет актриса дегенмен мыга клипинде озин жагымсыз жиркеништи етип корсетип койыпты аннин созиде мулдем тусиниксиз манмагына жок

Пікір немесе жауап жазу

бес × 2 =