Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)

Бөлісу:

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайраттың атын қаралап, беделін түсіруді ойлағандардың әрекетіне шыдамады. Неше түрліні жазатын халыққа ашуланған Гүлзира Үсенқызы бұл бассыздықты тоқтатуды сұрады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елдің шулауына Гүлзира Айдарбекованың жуырда эфирден көрсетілген сұхбаты себеп болды. Онда продюсер-ана Қайратты Димашпен салыстырып жүргендерге өз ойын айтқан еді. Продюсер Димаштың Қайраттай, ал Қайраттың Димаштай бола алмайтынын айтып, әншілерді салыстыруды доғару керектігін тілге тиек етті.

Гүлзира Үсенқызы өзінің айтқысы келген ойын теріс түсінген жандарға жауап берді. Түрлі жағымсыз пікірлер естіп, шаршап, ашынған ана халыққа жан айқайын жеткізді.

“Бақытқа бастап барар жолын өнермен жалғап, еліне еркелеп ән салып жүрген Қайраттың әндері xалыққа қалтқысыз жеткізіп жатқаны рас. Жаратқанның өзі жарылқап тұрғанда Қайраттың жанған бағы жарқырап, жұлдызы жоғарылай беретіні айдан анық емес пе? Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін тыңдайтын Қайрат шын өнердің шынайы иесіне айналып, xалық мойындап қойғалы қашан? Қазіргі таңда әлеуметтік желі еріккендердің ермегіне айналып, көгілдір экранның ар жағынан ақыл үйретуге бейім xалық қаңқуы мен бірнәрсені айтса, сол жаққа еріп кететін желіккендердің ортасына айналып барады. Ағы мен қарасын ажырата алмай тұрып, кейбір “күншілдердің” сөзі өзгелерден бұрын, ана жүрегіне, бала көңіліне қаншалықты әсер ететінін білмейтін сияқты. Өнер атты әлемде әр әншінің орны бір төбе дейтін болсақ, сол төбелердің шыңына жеткен жандардың бірі – Қайрат.

Өнер әлеміне енген жаңа бір адамды Қайратпен салыстыру қазірде үрдіске айналып бара жатқандай. Өздеріңіз көз жүгіртіп ойланып қарасаңыздар Қайрат алғаш шығып xалықтың жүрегін жаулай бастағанда бәрібір Мейрамбекке жете алмайды деп бір шуласты. Одан соң Ернар артынша Төреғали шыққанда «ойбай Қайраттан асып кетті» деп тағы шулатты, тіптен суреттерін қатар қойып қайсысының киімі, даусы мықты деп желілерден рейтинг үшін, парақшаға адам санын көбейту үшін жанкүйерлерін жауластыра бастады. Жақында ғана аспан асты әлемінде өткен байқаудан еліміздің абыройын арқалап барып, үмітімізді ақтаған Димашымыз шыққан күннен бастап Қайратпен салыстыру тіптен желдей есті”, – деген Гүлзира Үсенқызы халықтың Қайратты барлық әншімен салыстыратынын қайта айтты.

Продюсердің айтуынша, халық арасында Қайраттың ата-анасын ажырастырып қойған жандар бар. Гүлзира Үсенқызы жұрттан ұйқасы келмейтін өтірікті таратпауды сұрады.

“Сіздер мына сұраққа жауап бере аласыздар ма? Неге Мейрамбекті не болмаса Әлиді, Ернар, Төреғалиді салыстырмайды, неге кім шықса да тек Қайратпен салыстырып әлек? Қайрат той әншісі, Қайрат фонограммамен айтады, Қайрат Қарақалпақ, Қайраттың ата-анасы ажырасқан екен, өтірік спектакль қойып жүр. Шындығына келгенде қаншама концерттерінде, мейлі жанды дауыста айтсын, мейлі жанды дауыста неше рет номинацияларды жеңіп алсын, бәрібір ол жағына келгенде бәрі соқыр, керең. Қарақалпақстанның стадионына бір концерт беріп еді қазақ емес қарақалпақ болып қалды. Әке-шешесі бір күн не бір сағат ажырасып көрмесе де, Қайрат анасының артынан еріп келген бала болып, ұйқасы келмейтін өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай желіні жарған, жалпақ жұртты шулатқан жалған ақпараттар жаға ұстатты. Халық әншілерді салыстырып, бір-бірінің кемшілігін көрсетті делік, кімнің мықты екенін кімге дәлелдемек сонда?

“Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос” деп Абай атамыз айтқандай, өз қазағымызды жамандап жау көретін болсақ не болғаны? Бұл арқылы тек қана әншілерді бір-біріне қарсы қойып отырған жоқ, олардың ата-аналарын, бауырларын, сайып келгенде бір қазақты екінші қазақпен жауластырып отыр. Бұдан түсер пайда не? Сондықтан әлеуметтік желіге желпініп, шындық қайсы, жалған қайсы екенін білмей жатып, бос сөйлеуді доғару керек сияқты! Бір-бірімізді жамандап, аяқтан тартып, шығып бара жатқан шыңнан тартып қалуды, өшіруді ойлағанша, xалық алдындағы беделін биіктетіп өсіруге тырысайық, қазағым!” – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Бөлісу:

5 comments

  1. Қолқоюсыз 27 Мамыр, 2017 at 22:40 Жауап

    Қайрат Димаш сияқты қышқыра алмайды деп елді дауластырып қойған өзің емес пе,Гүлзира ханым.

  2. Қолқоюсыз 27 Мамыр, 2017 at 23:23 Жауап

    Барiне Кайраттын шешесi кiналi! Баласынын кадiрiн кетiрдi! Димашка бага беретiн сен кiм едiн сонша?

  3. Апа 10 Шілде, 2017 at 16:41 Жауап

    Баласының абройын төгіп жүрген шешесі. Баласын өзі емес па əркіммен салыстырып жүрген. Қашанғы ер азаматты етегінің астына салып жүреді?

  4. Ибрагим 6 Қазан, 2017 at 10:42 Жауап

    Қайрат аталарының шежіресін атам тарқатып берген,Қарақалпақтарға қатыс бар.Туысқан болып келеміз

  5. Қолқоюсыз 3 Желтоқсан, 2017 at 01:30 Жауап

    Мейлы казак мейлы каракалпак болсын казакстанда турып казак елынвн азаматы болып ан шыркап.елдын конылынен шыгып журген азаматты мактау керек кой ай казагым аи осындай коре алмаушылыкты кашан кояр екенбыз ар аншынын оз орны бар емес пе

Пікір немесе жауап жазу

20 − sixteen =