Қайрат Нұртас: Арманым – Астанадағы “Әзірет Сұлтан” мешітінде азан шақыру

Бөлісу:

«Феномен” әншіге айналған Қайрат Нұртас көп арманына қол жеткізген. Әншілік мансабында шығар биігіне шығып қойған Қайрат енді рухани жағынан өсуді армандайды.

Бұл туралы Қайрат Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Арман бітті деген сөз – тоқтады деген сөз. Арман бітпеу керек. Армандай беру керек, қиялдай беру керек. Алда арманым көп. Тек қана байлық, шоу-бизнесте емес. Мәселе отбасымда, өзімде. Бұл өмір деген алдамшы өмір. Арманым отбасымды иманға келтіріп, ата-анамды Меккеге апару. Сондай рухани, әдемі армандар. Қалған армандарымның біразы, Құдайға шүкір, орындалды.

Менің арманым – азан шақыру. 15 жыл тоқтамай азан шақырсаң жәннатқа кіресің дейді. Алла нәсіп етсін. Өзімнің арманым – Астананың «Әзірет Сұлтан” мешітінде таң намазын оқып, азан шақырғым келеді, соны қатты армандаймын”, – деп ағынан жарылды Қайрат Нұртас.

Дереккөз: saz-alemi.kz

Бөлісу:

7 comments

  1. Қолқоюсыз 5 Маусым, 2017 at 16:09 Жауап

    Ваххабис болыпсың Қайрат Нұртас! Азан шақырып қайтесің? әніңді айтып жүре берсейші!

  2. Сызды колдаушы карындасыныз 7 Маусым, 2017 at 14:35 Жауап

    Алланын озы сызды колдасын . Алла сыздын журегынызге сонбейтын иман берыпты. Сыз тек кана сол сонбейтын иманды дурыс колданыуыныз керек,сонда сыз арманынызга жктесыз деген умыттемын.

  3. Қанат. 9 Маусым, 2017 at 20:16 Жауап

    Қайрат Нұртас бауырым-ау, сен азан шақырып қайтесің, мешіттерде азан шақыратын имамдар бар ғой, азан шақыру – молдалардың ісі ғой, одан да әніңді айтып жүре берсейші!

  4. Қолқоюсыз 10 Шілде, 2017 at 17:57 Жауап

    азан шакырган адам вахабис боламекен жарайсын кайрат ондай мангуртдердин созин конилине алма

Пікір немесе жауап жазу

seven + twelve =