Бибігүл Төлегенова: Қайрат пен Димаштың арасы жер мен көктей

36
3
Бөлісу:

Еліміздің сүйіктісі, қазақтың бұлбұлы саналатын Бибігүл Төлегенова Димаш пен Қайрат Нұртасты өзара салыстырып, екеуінің жер мен көктей айырмашылығы бар екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұдан бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртасты мүлдем тыңдамаймын деп жар салған Бибигүл Төлегенова бұл пікірінен әлі де бас тартпаған сияқты. Себебі, отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында ол Димаш пен Қайраттың арасы жер мен көктей екенін ашық айтты.

«Мен екеуі жер мен көктей деп айтар едім. Солай. Нұртас деген – жер, Димаш деген – көк», – деген пікірін жеткізді ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қайраттың анасы ұлын отандық әншілермен салыстыра бергендерден жалыққанын жеткізген болатын.

«Екеуін мүлдем салыстыруға келмейді. Димаш Қайрат бола алмайды, ал Қайрат Димаш бола алмайды», – деп мәлімдеген ол.

Сонымен бірге, ол осыдан бірнеше жыл бұрын халық әртісі Бибігүл Төлегенованың «Қайраттың Нұртастың әндерін тыңдамаймын» деген пікіріне қатысты өзінің нұсқасын айтқан болатын.

Оның айтуынша, Бибигүл бұл пікірді шәкірті Толқын Забированың сөзіне еріп кеткендіктен айтқан.

«Қайрат әлі күнге дейін апамыз қателескен болар деп оны жақсы көреді», – деген болатын.

Ал Қайраттың өзі болса, күні кеше Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында өзін қазақ әншілерімен емес, шетелдік жұлдыздармен салыстырған жөн екенін ескерткен.

Бөлісу:

3 comments

  1. Бір бала 8 Маусым, 2017 at 10:10 Жауап

    Ойыңыз…Бибігүлге не болған шөбересіндей баламен алысып.Өзі керемет айтатындай менде тыңдамаймын Бибігулді

Пікір немесе жауап жазу

18 + 20 =