Балғынбек Имашев Атамбаевты «Оңбаған» деп атады (ВИДЕО)

Бөлісу:

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев елбасыдан кешірім сұрап екі елді жарастырғысы келген қырғыз ақыны Жеңишбек Жумакадырға өлең арнады.

Қазақтың бар ғой нарқында,
Қырғыздың бар ғой салтында.
Інісі қойса еркелеп,
Ағасы қояды кешіріп,
Құшағын жайып келсе деп…”, – деп жырлаған-ды қырғыз ақыны.

Балғынбек Имашев та бұл жағдайдан сырт қалмай, Жеңишбекке өз жауабын қайтарды.

«Ассалаумағалейкум! Қырғыз-қазақ бір туған,
Армысың, досым Жеңішбек, топқа да салса жұлқынған.
Нұрағамызға сөз арнап елдестірмекке ұмтылған.
Елбасымызды мақтаса, сөз қала ма ұртыңнан
Атамбаев ағаңыз Бішкекте жатып бұлқынған
Көзімше әке-көкелеп, ақсақалым деп мәпелеп,
Сөккені алай сыртымнан.
Тағынан түсер алдында айыбын жуып кетме ме,
Кешірім сұрап ұлтынан.
Бір ауыз сөз түзейді қатынасымды құртылған.
Бір ауыз сөз емдейді қанатымызды қырқылған.
Көршінің хақын білетін, тілеуін тілеп жүретін
Елбасым еді дүр тұлғам.
Ақсақалымды сыйламай сақалдан алды Алмазбек,
Алыстап әдет-ғұрпымнан», – деп бастады Балғынбек Имашев сөзін.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

15 − жеті =