Қарағандылық шенеунік Елбасының емес, Бекетаевтың суретін іліп қойған

25
0
Бөлісу:

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өз портретін кабинет есігінің жанына іліп қойған қарағандылық шенеуніктердің әрекетін құптамайтынын айтты.

Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Әріптестерім портрет туралы маған айтты. Меніңше, ол дұрыс емес. Өйткені ол менің суретім ғой, қолдамаймын”, — деді министр.

Бекетаев өз портретін іліп қою туралы ешкімге тапсырма бермегенін айтты.

“Бұл менің бастамам емес. Ол басшыны танымаймын да. Интернетте тараған суреттерді көрдім, ұнаған жоқ”, — деді ол.

Шенеуніктерге қандай да бір шара қолданыла ма деген сауалға министр мырза “бастысы – жұмыс, бұған қадалып қалудың қажеті жоқ” деп қысқа қайырды.

“Тәртіптік, этикалық мәселелерді шешу министрдің мәселесі емес. Бұған жауапты хатшы бар. Ол тиісті тапсырманы беріп қойды”, — деп түйіндеді сөзін Бекетаев.

Естеріңізге салып өтсек, осыдан төрт-бес күн бұрын интернетте Қарағанды облысының әділет департаментінде ілініп тұрған министрдің портреті қызу талқыланған болатын. Суретті желіге журналистердің бірі жүктеп, фейсбуктегі парақшасында жазған.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу