Димаш Құдайбергеннің алғашқы бейнебаяны жарық көрді (ВИДЕО)

Бөлісу:

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Screaming әніне алғашқы бейнебаянын шығарды.

Бейнебаянның толық нұсқасын әртістің YouTube-арнасынан тамашалауға болады. Кешеден бері видеоны сегіз мыңнан астам адам көрген.

Instagram-дағы парақшасында Димаш әннің композиторы Muhgal екенін айтты. Бұл автор Рианна, Ашер, Шакира, Ne-Yo сынды орындаушылардың әнін жазған болатын.

«Сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ниеттемін», — деп жазды Димаш.

Айтпақшы, бүгін дарынды әншінің туған күні, ол 24 жасқа толады.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − 12 =