Мұхамедиұлы Әлімбекова жайлы: Оның алаяқтың құрбаны болғанына сенемін

Бөлісу:

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жуырда сотталған Гауһар Әлімбекованың кінәсіз екеніне сенетінін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Гауһар Әлімбекованың адвокатымен сөйлестік. Оның алаяқтың құрбаны болғанына сенемін», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет кулуарында.

Министр әншінің бостандыққа шығуы үшін 40 мың долларды жинауға қатысқанын атап өтті.

«Ең бірінші 40 мың долларды төлеу керек болды. Қазақстан әртістері бірігіп, осы соманы жинайық деп үндеу жасады. Әрине, мен де оған қатыстым. Осы соманы төлегеннен кейін, жәбірленуші арызын қайтарып алады», – деді Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, 30 қаңтар күні Гауһар Әлімбекованың»алаяқтық» бабымен айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандағынан айырылған болатын

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу