Динара Сәтжан неге шеруге шыққысы келмейтінін түсіндірді

Бөлісу:

Динара Сәтжан кешеден бері мазалаған шеру туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында кешеден бері толастамаған хаттарға жауап жазды. Халықтың мақсатсыз шеруге шығып, ресми құжатсыз қарсы шыққанын құптамайтынын жеткізді ол. Динара Сәтжанның пікірінше, кешегі шеруде адамдар не үшін наразылық білдіріп жатқанын да білген жоқ.

«Динара сіз неге шеру туралы жазбайсыз? Неге үндемейсіз? Неліктен көшеге шықпайсыз? Халықпен бірге емессіз бе? Кешеден бері келіп жатқан пікірлер осы. Біріншіден, мен қандай да бір нақты ұсыныссыз жасалатын шеруге қарсымын. Кеше адамдардың не себепті шыққанын түсіндіріп беріңізші. Әбләзов үшін бе? Екіншіден, егер сен белгілі бір нәрсені өзгерткің келсе, қоғамдық мекемелерге қосылып, биліктен қалаған нәрсеңді ресми түрде сұрауың керек. Форумдарда сөйлеп, нақты шенеуніктерге хат жазып, сұхбат беріп, билік есту үшін мүмкіндігінше барлық жерде айтарыңды айтып қалуың керек», – деп жазды Динара Сәтжан.

Шерудің басшысының кім болғаны да белгісіз екенін алға тартқан Динара Сәтжан халықтың кім үшін шеруге шыққанын түсіне алмағанын жеткізді. Зейнеткерлер мен балалардың шеруі болғанын да жасырмады. Билікке сөзің жетсін десең, бірінші ресми түрде рұқсат алу керек екенін ескертті ол.

«Мәселен, Көк-Жайлау құрылысын тоқтатты. Өйткені Ажар Жандосова және оның жақтаушылары бірігіп, өз айтқанынан қайтпай жетер жеріне жеткізді. Бұл ресми түрде 5 жылдың ауқымында жүргізілді. Кешегі шерудің көшбасшысы кім болды. Әбләзов па? Онда ол неге астанада және Алматыда болмады? Зейнеткерлер шығып биліктен не қалайтынын айту керек пе еді? Мүмкін балалардың айтқаны дұрыс шығар? Қоғамдық қозғалыстың нақты мақсаты болуы шарт. Басшысы бар қандай да бір қоғамдық ұйым болуы керек», – деп жазды Динара Сәтжан.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу