Роза Әлқожа ауруханаға түсті

Бөлісу:

Роза Әлқожа ауруханаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Қарағандының ауруханасына түскенін хабарлаған. Ол жедел жәрдемдегі суреттерін жариялап, жұртты алаңдатты.

«Қайырлы түн! Ақыры ауруханадан бірақ шықтық. Қарағанды», – деп жазды Роза Әлқожа.

Бұл жазбаны көрген тыңдармандар сүйікті әншілерінің жағдайына алаңдаған. Ауруханада дәрігердің алдында отырған Роза Әлқожаның денсаулығына не болғанын түсінбеген олар, өнер иесінің амандығын тілеген.

«Аллам шипасын берсін», «Жазалып кетіңіз, жақсылап емделіңіз», «Қарағанды жақпайды-ау сізге. Былтыр да келіп ауырып едіңіз», «Балаларыңыздың бақытына аман болыңыз», «Сауығып кетуіңізге тілектеспіз», «Не болып қалды?» – деп жазды желідгілер.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу