Байзақова тергеу изоляторында таңғы 6-да дәретхана жуғанын айтып берді

Бөлісу:

Атышулы актриса Айжан Байзақова Digistan Youtube жобасының төртынші шығарылымына қатысып, тергеу изоляторында отырған кезін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2017 жылы Алматы полициясы Байзақованы өзіне тиесілі барда жартылай шешінетін байқау ұйымдастырғаны үшін үш тәулікке қамалған болатын. Сөйтіп, ол арнайы тергеу абақтысынан 29-желтоқсанда шықты.

Байзақова сұхбат барысында тергеу изоляторынан алған әсерімен бөлісті.

«Ешқандай азаптау болған жоқ, ол жерде маған жақсы қарады. Керісінше, маған бәрі ұнады. Мен сол жерде болған адамдардың қарым-қатынасы туралы айтып отырмын. Менің денсаулығымды сұрап, ауырсынуды басатын дәрілер әкелді, тоқтаусыз келді, менің аяғым қалай болғанын сұрап отырды», – деді Байзақова.

Бұдан бөлек, блогер тергеу изоляторындағы жағымсыздау естеліктерімен де бөлісті.

«Дәретхана жуу үшін мені таңертең 6-да оятты. Шелек пен қолғам беріп, жууға жіберді. Бұл қайғылы болды. Аулада серуендеуге, темекі тартуға 15 минут уақыт берді. Іште де шылым тартуға болатын.

Айтпақшы, олар маған бір қорап ментол шылымын жіберген кезде мен темекіден ментолды шығарып, өзіме дезодорант жасап алдым. Ішім пысқаннан», – дедп қосты ол.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу