Мөлдір Әуелбекова намаз оқитынын айтты (фото)

Бөлісу:

Мөлдір Әуелбекова ел алдында намаз оқитынын жария етті. Отандық танымал әнші намазға жығылғанына бірнеше жыл болғанын жеткізді. Алайда, шоу-бизнес жұлдызы бұл жайтты халықтан жасырып келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әуелбекова намаз оқитынын өзінің Instagram желісінде мәлімдеген.

Ол парақшасына тіпті бес парыздың бірін орындап жатқаны сәтінен фото жариялаған.

«Я Раббым! Бір өзіңе сыйынамыз! Бір өзіңнен сұраймыз! Бір өзіңе мұқтажбыз! Бір өзіңе тәуелдіміз! Бір өзің қайырлысын білуші де, беруші де! Бір өзіңе тапсырдым! Сағым сынбасын. Неше жылдан бері жасырып келеген құпиям ашылды! Намаз! Оқыңыздар! Маған айту парыз! Жұма қабыл болсын! Алла тілеулеріңізді берсін! Бақыт құшағында болыңыздар! Жақсы көрем» , – деген жазба қалдырды әнші суреттің астына.

Желідегілер әншінің бұл жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, оған ақ тілектерін жаудырған.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу