Қанат Әлжаппар Ерке Есмаханға жартылай жалаңаш клип түсіруге кеңес берді

Бөлісу:

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханды сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Жайдарман ойындарында сахнаға шыққан Қанат Әлжаппаров Ерке Есмаханды сынап тастаған. Әнші ұтысқа тігілген  5 миллионды маған беріңдер, клип түсіремін деп басы бәлеге қалды. Әзілкеш сен бейнебаяндарыңда қалың киініп аласың деп сөкті өнер иесін. Кәмшат сияқты клип түсірмейсің бе, қай жерің кем деп Ерке Есмаханды айыптаған Қанат Әлжаппаров.

«Ерке, сенің клипіңді білемін ғой мен. Сен 5 миллионды ысырап қылып түсірген бейнебаяныңды білемін ғой. Қалың киініп алады екен. Сол бейнебаян ба? Бейнебаян деп Кәмшат Жолдыбаеваның туындысын айту керек. Кәмшаттан қай жерің кем? Не сен камераның алдында ырбаңдай алмайсың ба? Сен Кәмшатқа ұқсап жөндеп түсір», – дейді Қанат Әлжаппаров.

Астарлы әзілдеген Қанат Әлжаппаровтың сөзіне әзілкеш Жанболат Найзабеков қосыла кетті. Ол да Ерке Есмаханға сын айтып, сен Кәмшат Жолдабаевадан артықсың деп қанатандырған.

«Кәмшаттан қай жерің кем айтшы. Сенің бірнеше жерің артық қайта», – дейді Жанболат Найзабеков.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

thirteen + 3 =