«Баянға арыз жазғаныма өкінемін: «Махаббат бекетінің» режиссері Баян Алагөзоваға ғашық болғанын мойындады

Бөлісу:

Қазақ киносының майталманы, кәсіби режиссер, бірнеше фильм авторы Талғат Теменов өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз қозғады.

Бұл туралы TalkLike бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Теменовтен кезінде өзі түсірген «Махаббат бекеті» фильмінде ойнаған Баян Алагөзоваға ғашық болдыңыз ба? деп сұрады.

«Баянның танылуына, өнерге келуіне менің еңбегім бары анық. Оны Оралдан мен әкелгем. Ал, режиссердің өз кейіпкеріне ғашық болмауы мүмкін емес. Егер ол кейіпкерін жек көріп тұрса, жақсы кино түсіре алмайды. Бірақ мен сезімді ақылға жеңдіре аламын. Кинодан соң да сезімнің жетегінде кеткен кездер болды. Бірақ мен ақымақ адам емеспін», – дейді режиссер.

Теменов пен Алагөзованың арасында фильм үшін дау туғаны рас. Алайда режиссер бұл ісі үшін қазір өкінеді.

«Баян маған фильм жайлы ұсыныс айтты. Хабарласқанда тұтқаны көтермедім, себебі спектакль түсіріп жатқан едім. Кейін заңгерім арыз түсіру туралы ұсыныс айтты. Бірақ мен одан не ұтамын. Арызды қайтып алдық. Арыз бергенім үшін қазір өкінемін», – дейді ол.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу