«Қазақмыс» басшысы Лос-Анджелестегі вилласын 30 млн долларға сатып жатыр

Бөлісу:

Лос-Анджелестегі «Қазақмыс «корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайға тиесілі вилла 30 млн долларға сатуға қойылды. Бұл туралы Variety журналына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Зәулім сарай «Беверли Парк»деп аталатын жерде орналасқан. Оның ауданы 3,5 мың шаршы метрді құрайды, ал вилланың ауданы – шамамен 89 сотық. Жеке үйде 10 жатын және 16 ванна бөлмесі бар.

Көрші жерде тағы 73 бақуатты адамдардың вилласы тұр.

Айта кетейік, «Беверли паркте» Эдди Мерфи, Сильвестр Сталлоне, Стюарт сынды жұлдыздар тұрады.

Анықталғандай, 2014 жылы 200 сотықтан көп бөлік 40 млн долларға сатып алынған. Кейіннен Эдуард жұбайымен бірге жерді бөліп алған. Негізгі бөлік еш өзгермегенімен, қызметші бар орын толығымен өзгеріске ұшыраған.

Қазіргі уақытта екі вилла сатуға қойылған, деп жазады журнал. Басты вилла-30 млн долларға, екіншісі – 28 млн долларға. Екінші вилланың алаңы 120 сотықтан астам.

Басты үй жаттығу залы, бассейн, үй кинотеатры және шарап жерқоймасымен мақтана алады деп хабарлайды америкалық басылым. Зәулім сарай итальян стилінде бой көтерген.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу