Жанар Хамитова неден көз жұмды: Полиция өлімнің себебін айтты

Бөлісу:

Полиция SuperStar.kz байқауының бұрынғы мүшесі Жанар Хамитованың өлімін тергеп жатыр, – деп жазды  stan.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Жанар Хамитованың қайтыс болғанын растады.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.  Қылмыстық іс тергелуде. Іс ҚК-нің «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» 105-бабының 1-тармағы негізінде қаралып жатыр», – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық  ІІД.

Айта кетейік, әнші Жанар Хамитованың қаза болғаны туралы қарала хабарды хабарлаған едік.

Блогер Дәулет Мұқаев Жанар Хамитованың өзіне қол салғанын жазды. Оның айтуынша, әнші асылып қалған.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу