«Кіналағым келмейді» – Жаманқұлов Нүсіпжановтың үйленуі туралы

Бөлісу:

Тұңғышбай Жаманқұлов президентпен не туралы сөйлескенін, өміріндегі қиын жағдайда жанынан кім табылғанын және Нұрғали Нүсіпжановтың үйленуі туралы не ойлайтытын айтты.

«Қарақатпен шай» бағдарламасында актер әрі режиссер Нұрғали Нүсіпжановтың өзінен 45 жас кіші келіншекке үйленуіне қатысты ойын айтты. Ол белгілі әншіні кінәлаудан аулақпын деп отыр, – деп жазды  sputniknews.kz.

«Жүрекке әмір жүрмейді. Махаббат деген сезім қай күні келетінін де бір Алла біледі. Мен ол кісілердің қосылуын жүрек қалауы деп есептегім келеді. Жүректерінің бір тартылыс күші болды-ау деп есептегім келеді. Бірақ кімнің ішіне кім кіріп шыққан? Кіналағым келмейді. Жас мәселесін ойлағанда апырмай неге былай болды екен деген таңданыс болды», – дейді Жаманқұлов.

Ол Нұрғали Нүсіпжановтың қай жағдайда да сабырлы екенін атап өтті. Ән салғаны да, өз-өзін ұстауы да мәдениетті деп отыр.

«Нұрғали ағамыз тік жүріп, тік сөйлейтін, абайлап сөйлейтін, қадамын санап басатын адам. Бұл кісінің жеке тағдырын мен білмеймін. Бірінші жеңгеміздің қайтыс болғанын, бес қызы бар екенін де білмейді екенмін. Өзі сахнада ән айтқанда да, эмоцияға беріліп, есі шығып кетпей, өте мәдениетті айтады ғой. Ол кісіден мұндай шығады деп ойламағаным хақ», – деді актер.

Тұңғышбай Жаманқұловтың жарымен жас айырмашылығы – 24 жас. Актер болашақ жарының ұстазы болған.

«Мен де өзімнің шәкіртім Дәрияға үйлендім ғой. Есімнен тандырды, ғашық болдым, үйлендім. Арамыз екі мүшел жас. Екі ұл, бір қызымыз бар», – дейді Жаманқұлов.

Жүргізушінің мұндай жағдай тағы да болуы мүмкін бе деген сұрағына: «Ол жағын нақты айта алмаймын» деп күлді.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу