«Үстімде 4 млн теңгенің киімі тұр»: Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі қымбат киінетінін айтып мақтанды

Бөлісу:

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова үстінде 4 млн теңгенің киімі тұрғанын айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Balentino арнасына сілтеме жасап.

Микрофон ұстаған жүргізушіні көрген Мөлдір Мұқанова басында тосылып қалады.

«Айтпаса болмай ма? Айту керек пе? Мен осы киімнің бәрін Luxury-ден алдым. Көйлек 1 млн 700 мың теңге, ал сөмке 1 600 мың теңге тұрады», – дейді ол.

Әрі қарай әзілкештің әйелі көйлегінің брендін еске түсіре алмай көмекшісіне жүгінді. Артынша көйлегінің Александр Маккуин, ал туфлиінің Валентиноға тиесілі екені белгілі болды.

«Шамамен үстімде 4 млн тұр. Бүгін сырғамды ұмытып кетіппін. Жаңа бір жарнамаға түсіп, қазақша сырға таққан едім. Түсіп-түсіп ұмытып кетіппін. Сол жерде шешіп, қалып қойды», – дейді Тұрсынбектің келіншегі.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Тұрсынбек Қабатовтың қызының қызыл аттестатын көрсетіп мақтанғаны туралы хабарлаған едік.

Бөлісу:

2 comments

  1. Баур 29 Қыркүйек, 2019 at 15:26 Жауап

    Менің ойымша, Тұрсынбектін ол ақшаны ұрлап əлде халықты тоңап тапқан ештенесі жоқ. Əр адамның өзінің қақы бар, қандай кийім кийетін. Ал мақтаншақтығы ол енді өзінің мінезінің бір жетіспекшілігі. Қайтесіндер енді?

Пікір немесе жауап жазу