Баян Алагөзова өзін жас жігіттердің жиі мазалайтынын айтты

Бөлісу:

Белгілі продюсер Баян Алагөзова өзіне жас жігіттер хат жазып, жиі мазасын алатынын айтты. Продюсерге әсіресе өзінен бірнеше жас кіші азаматтар хабарлама жібереді екен. Тіпті, арасында ұялы телефонына да қоңырау шалатындары бар, дейді Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

«Мен сені жақсы көремін, Баян!». Дәл осындай хаттар продюсерге күніне бес, алты рет жолданады екен. Олардың басым бөлігі Instagram, WhatsApp мессенджерлеріне келеді. Баянның сүйікті жары, екі қызы болса да, жас жігіттер қыр соңынан қалмайды.

«Сезімін білдіретіндердің жас мөлшері 18 бен 30 жас аралығындағы жігіттер. Олардың басым бөлігі – менің инстаграм парақшама жазылған оқырмандар. Менің ойымша, сезім білдіргенде тұрған ештеңке жоқ сияқты. Ондайға бей-жай қараймын. Яғни әйел ретінде әлі де болсам қызықты әрі сырымның кетпегенін білдіреді», – дейді белгілі продюсер.

Баян айлап ағылып келетін хаттарға жылына бір рет қана жауап береді. Әрине, бос уақыты және көңіл-күйі көтеріңкі болса ғана. Көшеде қолтаңба таратып, суретке түсуден әбден мезі болған Баян көпшілік жиналатын базарға, дүкенге аттап баспайды екен.

«Барлығы суретке түсіп, қолтаңба алуға тырысады Бәріне бірдей күліп тұрып суретке түсуден кейде шаршайсың. Кейбірі оны түсінбейді», – дейді Баян Алагөзова.

Жас жігіттер тіпті белгілі продюсердің ұялы телефонына хабарласып мазасын алады екен. Ондай кезде Баян телефон нөмірін ауыстырып тастайды.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

16 − twelve =