Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Бөлісу:

Әнші, хореограф, бұрынғы «Орда» тобының әншісі, Ninety one тобының продюсері Ерболат Беделхан сұхбатында қызықты жайттарды баяндады, – деп хабарлайды stan.kz.

Топ продюсері қоластындағы әншілердің көзқарасы мен стилі жайлы айтты.

Бұл туралы Динара Сәтжанмен сұхбаты барысында айтылды.

Журналист «Жігіттер шашын бояй бастаса, олар дәстүрлі көзқараста емес» деген түсінік бар. Ал, сіздің бұған көзқарасыңыз қалай деген сауал қойды.

Топ әншілерінің «корейлік» емес, «азиаттық» стильде екенін айтқан продюсердің өз жауабы бар.

«Жақында «Мен емес» атты деректі фильм түсірдік. Онда біз жай ғана кейіпкер болдық. Фильді көптеген сарапшылар талдап, пікірін айтты. Сонда бір сарапшының айтқаны бар. «Әйелдер денелі, еңгезердей  еркектерден шаршады» дейді. Әйелдер қауымы өзін күтетін, күтімене немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайтынын айтты. Яғни, бұған сұраныс бар деген сөз. Сұраныс болғаны үшін жігіттер кінәлі емес», – дейді Ерболат Беделхан.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

13 − six =