Димаш Құдайберген Токиода Қазақстан туралы айтып берді (видео)

Бөлісу:

Құдайберген Токиодағы Азия-Тынық мұхиты әндер фестиваліне құрметті қонақ ретінде шақырылды. Әнші жапондық тыңдармандарына атақты Sos d’un terrien en détresse композициясын орындап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азиялықтар жобаны өңірдің «Евровидениесі» деп атайды.

«Құрметті достар, мен сіздердің алдарыңызда тұрғаныма өте қуаныштымын. Жапония керемет ел. Мен қонақжайлық пен қаланың сұлулығы әрі тазалығына тәнті болдым», – деді отандық әнші.

Өнер иесі тыңдармандарына Қазақстан елі туралы мәліметпен бөлісті.

Димаш Құдайберген еліміздің тарихы тереңде жатқанын жеткізіп өтті.

Ол тыңдармандарының сүйікті әніне айналған француз тіліндегі Sos d’un terrien en détresse композициясын жоғары деңгейде орындап берді.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты әндер фестивалі (ABU Song Festival) – аймақтың үздік әртістері өнер көрсететін халықаралық шоу.

Оны соңғы уақытта көпшілік «Евровидениенің» баламасы деп атап жүр.

Бұл фестивальде танымал әншілер өзара бақ сынаспайды. Өткен жылы ABU Song Festival Түрікменстанда өткен болатын.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

19 − eight =