«Мал екенсіңдер, бақытсыз болып өт»: Ақбота Керімбекованың журналист қызға айтқаны елді таңғалдырды (видео)

Бөлісу:

Ақбота Керімбекова мен журналистің арасындағы текетірес көпшілікке мәлім болды. Әнші журналисті жалған ақпарат бердің деп айыптады. Бұл туралы stan.kz жазды.

Даудың басы Ақбота Керімбекованың тұрмысқа шығуы туралы әңгімеден басталды. Бұл туралы ShowNewsKZ арнасы хабарлаған еді. Танымал әнші Ақбота Керімбекова жеке өміріне қатысты құпиясымен бөлісті.

Әнші төртінші мәрте тұрмыс құруды жоспарлап жатпаса да, жалғыз еместігін айтып қалды.

Алайда «Ақбота Керімбекова тағы да келін атанбақ» деп жар салғаны үшін журналиске ашуын төкті. Әншінің жазғанын аталған арна желідегі парақшасында жариялады.

«Ел алдында жарқырап жүретін әншілердің шынайы бет-жүзін көріңіздер. Мында қазақтың әншісі Керімбекованың сөзі», – делінген хабарламада.

«Мен саған тағы айтам, тұрмысқа шығайын деп жатқан жоқпын. Ұятсыз. мал екенсіңдер. Бақытсыз болып өт, санасыз. Өшір дедім, соңғы сөзім. Әйтпесе, ертең басқаша болады. Қарғысыңа қалғың келмесе, бәрін өшір», – деп жазады әнші жауабында.

Әнші өз парақшасында журналистер қауымына ренішін жеткізіп, халықты барлық ақпаратқа сене бермеуге шақырған.

«Мен тек өзімнің жалғыз еместігімді айтқан едім. Ал, мені төртінші рет тұрмыс құрып жатыр деп шуылдап жатыр. Түймедейді түйедей етеді. Ақ-қарасын білмей жатып, барлық ақпаратқа сене бермеңіздер», – дейді әнші.

Ал, желідегі бір топ әншіні жақтаса, енді бірі даттап жатыр.

«Расында Ақбота тұрмыс құру жайлы айтпаған ғой. Неге жалған жазасыздар? Ақботанікі дұрыс, оны бәрі қолдайды, бәрі жақсы көреді», «Қанша жерден ашуланса да, қарғау дұрыс емес», «Өзі ана бола тұра, қазақтың сүйген әнші қызы бола тұрағ осылай сөз жазады деп ойламаппын», – дейді олар.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

fourteen + 7 =