«Төреғалиді әнші деп айта алмаймын»: Медеу Арынбаев Қайрат Нұртасқа да демалу керектігін айтты

Бөлісу:

Медеу Арынбаев әндері хит болып жүрген әншілерге көп еңбектену керектігін айтты. Ол Төреғали Төреәліні әнші қатарына қоспайтынын және қайрат Нұртастың дауысымен жұмыс істеу қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тек ән жазып, хит шығару еңбек емес. Дауысымен, бағытымен әлі өсу керек. Дауысы өзгеруі мүмкін. Дауыс қайтадан қалыпқа келуі керек. Білімді профессорларға бару керек. Ұялмау керек, қысылмау керек», – дейді Медеу Арынбаев «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында.

Сондай-ақ, ол Қайрат Нұртасқа алты ай бойы дауысын емдеуге кеңес берді.

«Әнші деп Төреғалиді айта алмаймын. Төреғали тапқыр, ол дауысына келетін дүниеге дөп түсе қояды. Ақындығы бар. Сөзімен алып кетеді. Актерлық қасиетімен алып кетеді. Ал Қайрат даусын қазір қолға алуы керек. Демалу керек. Аздап шаршаңқыраған кезеңі болу керек. Өйткені ол шаршаймын деп шаршаңқыраған жоқ. Халық, тыңдармандары шаршатады кейде. Алты ай болсын, сөйлемеу керек оған. Даусын емдету керек аздап. Біздің қазақта қоймайды ғой. Бір жерде дауысы қысылып қалған екен. Соны «тыңдамаңдар, халықтың арқасында осындай дәржееге жетіп жүр» деп айтып жатыр. Өздерің ғой демеуші болып, қолдап жүрген», – дейді әнші.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу