Жұлдыз Әбдікәрімова коронавирусқа қатысты алаңдайтынын айтты

Бөлісу:

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова Қытайда өршіген коронавирусқа қатысты өз пікірін білдірді.

Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, вирусқа қатысты алаңдаушылық танытты.

«Қазір елдің елең ететіні – коронавирус. Сақтансаң сақтармын деген, бәрінен бұрын балалар үшін алаңдаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы көпшілік жүретін қоғамдық орталарда маска киіп жүруді, қолды сабындап жууды, температурасы жоғары адамдардан алшақ жүруді ескертіп, дабыл қағуда. ⠀ Қытайда вирустан көзжұмғандардың саны 80-ге жеткенін оқыдым. Күн санап көбейіп жатыр. Халықаралық теннис турнирі коронавирусқа байланысты Қытайда емес, Қазақстанда өтетін болыпты. Бұл дегеніңіз шеттен қаншама ойыншылар келеді, жанкүйерлер келеді деген сөз. Өздерімен өздері тыныш келіп, тыныш кетсе екен деп тілеймін. Сіздер де сақтанып жүріңіздер» , – деп жазды ол.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

16 − сегіз =