«Карантин жақындатады»: Айқын ерекше жазба қалдырды

Бөлісу:

Танымал әнші Айқын Төлепберген еліміздің екі қаласында жарияланған карантин режиміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

«Карантин жақындатады. Жақындарыңызбен енді көп уақытты бірге өткізесіздер. Ең бастысы сабырлық. Жүйкелеріңізді жұқартпай, төзімді болыңыздар. Карантинде халық үшін қызмет жасап жатқан барша қызметкерлерге (медицина, полиция, әскер, әкімдік) үлкен рахмет! Аман болайық! Карантин басталғанына бар-жоғы бір күн ғана өтті. Шыдамды болу керек. Себебі, үй қамағында отыру оңай емес» , – деп жазды ол.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

он тоғыз − 4 =