«Бір күндік ән»: Танымал ақын Жігер Ауыпбаевтың әнін аяусыз сынап тастады

Бөлісу:

Белгілі ақын Сағыныш Намазшамова Жігер Ауыпбаевтың «Кінә, кінә» атты әнінің сөзін қатаң сынға алды. Ақын «Беу» бағдарламасына қатысқан әншінің өлеңінде не айтылмақ болғаны белгісіз екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көркемдік кеңес мүшесі Сағыныш Намазшамова әншінің әніне «бір күндік» деген баға берді.

«Жігердің «Кінә» деген өлеңінің мәтінін қарап отырмын. Жалпы өлең деген қимылдап тұратын сурет секілді болу керек. Көзіңнің алдына келетін сурет. Мен бұл жерден тұтас бір сурет көріп тұрған жоқпын. Әр нәрсеге бір барып, нақты не айтылып тұрғанын… Тақырыптың махаббат екенін түсіндім.

Бірақ, әйтеуір кінәлау бар ішінде. Ойды толық жеткізе алмады. Қарап отырсаң, құрғақ баяндау бар. «Өзіңе кім ұнайды, жауабын бүгін айт. Шын қаласаң, сертіңді бер» деген қарабайыр сөздер ғой. Қазіргі эстрадада буынға, жолға бөліп, өлең қылуға болады екен.

Жалпы Жігер, көңіліңе келмесін. Бұл әніңді «бір күндік әндер» деп есептеймін. Бұл бір алты ай айтылуы мүмкін. Сосын ешкім есіне алмайды. Әні де, сөзі де, айтушы да ұмытылады», – деді Сағыныш Намазшамова.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу