Құрметті ата -ана!
Бөбекжай баланы алып келу үшін ата аналар алдымен «Smartnation» порталына тіркеліп кезекке тұрады және орын босағанда жолдама алады. Жолдама алған соң баланың медициналық «Денсаулық паспортын» басқа негізгі құжаттармен бөбекжайға алып келеді. Құжаттары дұрыс болса бала бөбекжайға қабылданады.
Баланы бөбекжайға алып келген кезде ауыстыратын киім, аяқ киім, ұйықтарда киетін киімдерін қоса алып келеді. Бала бөбекжайға үйрену үшін, баланы алғашқы үш күн түсте алып кетеді одан кейін бала толық күнге қалады.