Ерке Есмахан сыйлыққа қымбат көлік алғанын айтып мақтанды

Бөлісу:

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан сыйлыққа қымбат көлік алғанын айтып мақтанды. Алайда әнші бұл сыйлықты кімнен алғанын жасырып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді. Төрт ай көліксіз жүрдім, енді міне бұйырды, шүкір. Осындай сыйлық алдым, достар! Ура! Көрімдік», – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Әншінің тыңдармандары өз кезегінде оның қуанышына ортақтасуға асықты.

«Құтты болсын! Сыйлық па? Әлде өзің сатып алдың ба?», «Күшті! Тек жақсылыққа айдауда жазсын», «Игілігіңе мін, қазақтың ерке қызы», «Әдемі екен» деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу