«Мен де қысқа киемін»: Алагөзова қысқа етекті көйлек киетін қыздары туралы

Бөлісу:

Баян Алагөзованың әрбір басқан қадамы халықтың назарында. Тіпті, продюсердің оқырмандары ғаламтор арқылы қыздарының жеке өмірін де қатаң бақылауға алған. Мысалы, бүгінде Алагөзованың кенжесі «инстаграмдағы» 705 фолловерімен мақтана алады. Алайда Мақсатқызы әлеуметтік желіге қатысты ханшайымдарына қандай да бір шектеу қоюдан аулақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Менсіз де өмірдің тыйымдары жетерлік. Көптеген нәрселерді істеуге болмайды. Белгілі бір дүниеден шектеуім керек. Сондықтан қызыма былай істе деп еркіндігіне тұсау салғым келмейді», – деді продюсер.

Ал қарақұрым оқырманның ашуына тиетіні Айарудың қысқа етек киімдері. Бойжеткенді пікір арқылы бірі сөзбен сынаса, енді екіншісі қарғап-сілеуден де тайынбайды. Осыған қатысты Алагөзованың өзі хейтерлерге жауап беруді жөн көрді.

«Қыздар жас. Әдемі кездерінде қысқа белдемше кимеген де, қашан киеді? Мысалы, мен де қысқа киемін. Меніңше, адамның жақсы не жаман болуы – көйлегінің ұзын-қысқа болуына байланысты емес. Ұзын киіп жүріп те жаман нәрселерді істеуге болады», – деді Баян Алагөзова.

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Баян Алагөзова шетелге барып тағы да ота жасатып келгенін айтқан болатын.

Бөлісу:

Пікір немесе жауап жазу

nine − five =